Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында да, еріктілер су басқан аудандардан халықты көшіруге көмектесіп жатыр. Эвакуациялау жұмыстарына олар қайықтармен барған.
Парсы шығанағы жағалауындағы елдерде сәуірдің 16-да жауын құйып, артынша су тасыды. Табиғи апаттан Әмірліктерде 1, Оманда 20 адам қаза тапқан.
Айта кетсек, бұл аймақта жаңбыр өте сирек жауады. Ал ауаның температурасы кейде 50 градусқа дейін көтеріледі. Ғалымдардың болжамынша, климаттың өзгеруінен Парсы шығанағы аумағында сынап бағанасы көтеріліп, ылғалды көбейтіп жіберген. Мұндай жағдай алда талай тасқындарға себеп болуы мүмкін деп отыр.
Арыстан Рысбек,
Қазақстан телеарнасы.