Қостанайда полицейлер желікпе мотоцикл жүргізушісін ұстады 

Қостанайда полицейлер желікпе мотоцикл жүргізушісін ұстады 

Оны тоқтату үшін бірнеше патрульдік наряд жұмылдырылды. 17 жастағы жүргізуші орталық көпірде ұсталды.

Облыстық полиция департаментінде болған оқиғаның мән-жайы айтылды.

19 сәуірде түн ортасында қала орталығындағы Орталық әмбебап дүкен маңында патрульдік полиция қатты дыбыстар шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған мотоцикл жүргізушісін байқады.

Полицейлердің ескертулерінен кейін ол тұрған жерінен қашып, әкімдік алаңы мен қала орталығына бағыт алды. Бұл жерлерде көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынған.

Полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талаптарын орындамау фактісін сот қарайтын болады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның ата-анасы сағат 23:00-ден кейін оның үйден тыс жерде болғаны үшін жауапқа тартылды.

Гүлмира Қабжәлел

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу