Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жеке тұрғын үйде 60 шаршы метр аумақты жалын шарпығанын анықтады. Құтқарушылар үш газ баллонын алып шығып, үлкен жарылыстың алдын алды.
Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері өртті сөндіру кезінде термиялық күйікпен ес-түссіз жатқан 57 жастағы ер адамның денесін тапты.
11:14-те 103 қызметі зардап шегушінің қайтыс болғанын растады. Өртті жоюға 11 құтқарушы жұмылдырылды. Сағат 11:34 өрт толықтай сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіледі.