Облыстың оңтүстік өңірлерінде Залалды өтеп беру жөніндегі комиссия өкілдері жүргізген алғашқы тексерістен кейін қанша үй-жайдың қирап-бүлінгені анықталды.
Арқалық қаласы мен Аманкелді, Жанкелдин аудандарында 367 тұрғын үйдің 204-і қалпына келтіруге мүлде жарамсыз. Мәселен, Аманкелді ауданындағы су шайған 100 үйдің 61-і сүріліп тасталатын болды. Ал 39-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Жанкелдин ауданында 84 баспананың 67-сі кәдеге жарамайды, 17-сі ғана жөнделеді. Арқалық қаласынының аумағында қираған 183 үйдің 107-сіне тез арада жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.