Жанкелдин ауданындағы Аралбай ауылының жігіттері ерлікке пара-пар іс тындырды.
Көрші ауылдағы құлаған бағанды орнына қойып, айналдырған бес сағаттың ішінде жарықтың қайта қосылуына себепші болды.
https://youtube.com/shorts/tA9n7F9IywY?si=ehhXGiTNqIdqwL03
«Ол баған арқылы біздің ауылға жарық келеді. Мән-жайды анықтағаннан кейін аралбайлық жастар көрші Көкалат ауылына келдік. Бұрынғы тас бағанның орынына ағаш баған орнатамыз деп шештік. Бұл жұмыстарды Көкалаттың үш электр маманымен біздің ауылдың электршісі шұғыл атқарып шықты», – деді Аралбай ауылының әкімі Әділжан Нысанбаев.