Арқалықта тазалық айлығы басталды

Арқалықта тазалық айлығы басталды

Тазалық шараларын қала мекемелері мен ұжымдары жылдағыдай қарқынды бастады. Алғашқы күннен қолдарына сыпырғыш, күрек ұстаған тазалық белсенділері қыстан шыққан қоқысты жинап, жол жиектерін қырып, тазалап, еңбектің ерен үлгісін көрсетті.

Олардың қатарынан мемлекеттік қызметшілерді де, мәдениет саласының майталмандарын да көруге болады.

«Біздің ұжымымызда елге жанашыр азаматтар жұмыс істейді. Өнерді, мәдениетті қалай көтеріп жүрсе, қаланың болашағына да солай жаны ашиды. Тұрған жерімізде тазалықтың болғаны ең алдымен өзімізге жақсы. Осы жерде жүреміз, ауасымен тыныстаймыз. Сондықтан, барша қауымды қаламыздың тазалығына бір кісідей қатысуға шақырамыз», – дейді қалалық мәдениет сарайының директоры Зәмзәгүл Қажымұқанқызы.

Тазалық айлығына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері де асқан белсенділік танытуда.

Қала әкімдігінің шаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Аманжолұлы бастаған ұжым да епсекті ісімен тазалық құмарлықтарын көрсете білді.

Осылайша, арқалықтықтар таяуда болатын Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да белсенді түрде қатысатындықтарын айқын дәлелдеп отыр.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу