Қостанай қаласының барлық аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталады. Акция ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін жалғасады.
Қаланың барлық меншік нысанындағы кәсіпорындары мен ұйымдары іргелес аумақтарды тазалауды ұйымдастыруы қажет.
Жиналған қоқысты шығаруды коммуналдық қызметтер тегін жүзеге асырады, ол үшін 109 (iKomek қызметі) нөмірі бойынша өтініш қалдыру қажет.