Су тасқыны басталғаннан бері облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға 1000-ға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды.
Олар су басқан аумақтарда, жергілікті билік пен ТЖМ қызметкерлеріне су астында қалған үйлердің тұрғындарын хабардар етіп, эвакуациялауға жәрдемдесті.
Қоғамдық тәртіпті тәулік бойы қорғауды жүзеге асырып келеді.
Жол-патрульдік қызметінің экипаждары жүргізушілерге айналма жолдар туралы ескертіп, су басқан көшелерге жібермеді.
“Полиция қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді. Олар тәулік бойы қызмет етіп, біздің үйлерді тонаушылардан қорғап жатыр. Мүлікіміз аман қалып, құқық бұзушылардың қолына түспейді деп үміттенеміз, – деп хат жолдады “Колесные ряды” ауданының тұрғындары.
Құтқарушылармен бірге су тасқынына қарсы күреске еріктілер де көмектесті.
Жастар ұйымдарының белсенділері азаматтарды ақпараттандырып, эвакуациялауға үлестерін қосты, бөгет салысты.
Ыстық тамақ пен сусын таратуды ұйымдастырып келеді.