09.10.2025
Қордайдан Торғайға көмек келді

Қордайдан Торғайға көмек келді

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен Арқалық қаласына 25 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қордай ауданынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы легі Қостанай облысына жөнелтілген.

Көмек жинауға арналған қайырымдылық акциясы ҚХА — ның «ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ» акциясы аясында өтіп, Қордай ауылындағы Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы Өтеген батыр ескерткішінің жанынан қабылдау пункті құрылған.

blank

Игі шараға ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және белсенді жастар қатысыпты.

blank

Акция барысында табиғи апаттың салдарынан үй-жайсыз қалған елдімекендер тұрғындарына киім-кешек, гигиеналық құралдар, тұрмыстық өзге де ең қажетті заттар жинастырылып жіберілген.

blank

Халық күнделікті тұтынатын азық-түліктен:3,7 тонна  ұн, 2,7 тонна  қант, 2,2 тонна  макарон өнімдері, 1,5 тонна күріш, 3,2 тонна  картоп,1,5 тоннадан астам сәбіз діттеген жеріне келіп түсті.

blank

Қайырымдылық көмекті Арқалық политехникалық колледжінің «Жүрек жылуы» ұйымының еріктілер тобы трансфорат ұстап қарсы алып, жүктің жедел штабқа түсірілуіне жәрдемдерін берді.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы