Қаратомар су қоймасына судың судың мол түсуі Рудный қаласының аумағына кері әсерін тигізбей қойған жоқ.
Рудный қаласына қарасты Перцев ауылының айналасындағы бөгетті асып өтіп, су елді мекенге жайылды.
Шамамен, 5 шақырым жерге жеткен ағын су ауыл ішіне жайыла бастады. Қазір ол жерде тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр. 8 000 тонна топырақ және 2 000 данадан астам қап және инертті материал әкелінді.
Бүгін Перцев кентінің тұрғындарын эвакуациялау сәтті аяқталды. Қауіпсіз жерлерге көшірілгендердің жалпы саны — 520 адам. Олардың 15-і уақытша пункттерге орналастырылған.