Меңдіқара ауданының Степанов және Архипов ауылдарында да су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр. Еріген су жақын маңдағы егіс алқаптарынан келу үстінде. Аталған қос ауылдың маңындағы ойпаң жерлерді су басқан.Су астында қалған үйлер жоқ. Қарғын суды елді мекеннен ағызып, қосымша арналар қазу бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілген. Ауылдарда ұзындығы 400 метрге жуықтайтын қорған орнатылып жатыр.
Жедел штаб пен жеке құрамның 3 адамы және арнайы жасақталған топ тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Су тасқыны жағдайын мониторингілеу жұмыстары жалғасу барысында. Ахуал жіті бақылауда ұсталып отыр.
Суретті түсірген Сергей Миронов