Оңтүстік өңірдегі су басқан аймақтарды ұшу кезіндегі кадрлар көрсетілді

Оңтүстік өңірдегі су басқан аймақтарды ұшу кезіндегі кадрлар көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың зардап шеккен аймақтарға ұшу сапары барысында орасан көлемдегі су басқан жерлер кадрға ілінген.Қостанай облысы үлкен су тасқынына дайын болғанымен, ол күтпеген жерден – өзендерден емес, жазықтан келіп жатыр.

Бұл туралы кеше облыстағы су тасқынына қатысты пікір білдірген ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтып өтті:

«Су тасқыны болған 5 облыстағы  жағдайды алып қарасақ, Қостанай облысында су өзен арналарынан емес, даладан келіп отыр. Бұл — соңғы жылдары су деңгейі көтерілмеген елді мекендер».

Оның айтуынша, бұған дейін су тасқыны су қоймасы мен техникалық құрылымдары бар аумақтарда болған.

«Табиғат заңдылығы солай. Естеріңізде болса, қыстың алғашқы айларында ауа райы жылы болды. Барлық жерде жаңбыр жауып, салдарынан жерді мұз басып қалды. Бүгінде сол мұз бен қар еріп, су тасқынына әкеліп соқты», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, дала сулары ешбір елде ескерілмейді.

Қауіпсіздік шараларына дайындық кезінде тек өзендер мен су қоймаларынан келетін жағдайлар есепке алынады екен.

blank

Өз кезегінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезінде қалыптасқан су деңгейі Қазақстанда соңғы 30 жылдағы рекордтық көрсеткіш екенін айтты.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев