Вице-премьер Аманкелді ауданында (ВИДЕО)

Вице-премьер Аманкелді ауданында (ВИДЕО)

Бүгін ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев тасқын судан зардап шеккен Аманкелді ауданында болды. Ол Еріктілер штабы атқарып жатқан жұмыспен танысты.
Бұл штаб бір аптаның ішінде зардап шеккен тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Халыққа дәрі-дәрмек, төсек жабдықтарын уақытында елге таратып берді.

blank blank

Эвакуация пункттеріне орналастырылған халықты екі мезгіл тамақтандыруды ұйымдастырып отырды. Ауылдың азаматтары жан-жақтан жұмылып, волентерлермен бірлесе іске кірісіп, қол көмектерін аяған жоқ.

blank  blank

Судың алдын бөгеп, ыдыс-қаптарды үлгертіп таратты. Артылған материалдарды көлікке тиеп, Торғайға барып көмектесіп келді. Бір сөзбен айтқанда, жастар белсеніп, бірліктің нақ үгісін таныта алды.

blank

Астанадағы жерлестер көрсетіп жатқан қолдау да қомақты.

blank

Ауылдың келіндері ыстық тамақтарын дайындап, бәрін үлгертіп жүрді.

blank

Бұл жөніде осы өңірдегі меншікті тілшіміз, волонтерлер штабының белсенді мүшесі Айбек Таңатбаев Вице-преьемердің алдында баяндап берді.

blank

«Апат айтып келмейді. Бәріміз осы жайлы естігелі бері қатты алаңдап отырмыз. Сабыр сақтаңыздар, халыққа өтемақы беруді жалғастыра беретін боламыз. Арнайы комиссия құрылып, өз жұмысын бастап кетті», – деп атап өткен Қанат Бозымбаев аудан жастарының ұйымшылдығына ризашылығы мен алғысын жеткізді.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Аманкелді ауданы

https://youtube.com/shorts/ytOFvPau3Jw?si=DbrPEoWrBI1zNI9T