16 мая, 2025
Облыс орталығындағы Дружба кентіне де қауіп төніп тұр

Облыс орталығындағы Дружба кентіне де қауіп төніп тұр

Қостанайға іргелес жатқан Дружба кентінде су басу қаупі төніп тұрған шамамен 35 аула бар екені анықталды.

Онда ұзындығы 1 шақырым болатын тұрғын алаптың бойында арна қазылған. Бұл аумақта жылжымалы гидропост пен су айдау техникасы тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Инертті материалдар да дайын. Мамандар осы кентпен іргелес Қонай ауданының 13 үйіне су келуі мүмкін деп жорамалдап отыр.

«Судың толып кетуіне жол бермеу үшін күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Қажет болған жағдайда суды андижандар мен мотопомпалар арқылы айдау шаралары қолға алынады», – деді Қостанай қала әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов бұл туралы.

Қаланың оңтүстік-батыс айналма арнасына «АБЗ+» мердігер ұйымы қызмет көрсететінін айта кетейік. Серіктестік «Әуежай» шағын ауданын, Мамандандырылған ХҚКО ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын және 7, 8, 9 шағын аудандардың аумағын күн сайын тазартып, бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Қостанай қаласы