Қостанай облысының оңтүстік аудандарындағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Құмар Асксақаловтың төрағалығымен Облыстық жедел штаб жұмысын жалғастыруда.
Билік пен ауыл тұрғындарының алдында жануарларды азықпен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Бұған дейін Арқалық қаласына Әулиекөл ауданынан көмек келгенін хабарлаған болатынбыз. Ұзынкөл, Сарыкөл және Наурызым аудандарынан қосқанда жалпы көлемі 45 тонна шөп және 82.2 тонна астық жемі түсті.
Алтынсарин ауданынан жем-шөп тиеген екі Камаз жолда келе жатыр деген де ақпарат бар.
Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Бейімбет Майлин аудандары да өз көмегін жолдауға дайындалып жатыр.
1 сәуірдегі жағдай бойынша 130 тонна жем-шөп дақылдарын жөнелту жоспарда бар.