Қысылғанға көмек қолын созатын тек қана қазақ халқына тән қасиеті. Қазіргі таңда Арқалық, Аманкелді, Жанкелдин ауданының тұрғындары шарасыз күйде отыр.
Қостанай, Астана қаласындағы жерлестеріміз бастама жасап, елге көмектесуге әзір екендіктерін айтты. Әлеуметтік көмектің алды келіп, жергілікті халықтың көңілі жайланғандай болды. Мәселен, Қостанай газ сұйыту басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Махаббат Жотаевтың демеушілігімен қарғын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына және әлеуметтік жағдайы төмен 200 – ге жуық отбасыға сұйытылған тегін газ берілді.
Газ құйған автокөлік жол бойы Тәуіш ауылына аялдап, 90 отбасыға тегін газ құйып кетті. Қазіргі уақытта аудан орталығындағы Тынымов көшесінде тұр. Бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды, артылған жағдайда халыққа тегін таратады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы