Тасқын судан зардап шеккен Жанкелдин ауданының ауылдарына гуманитарлық көмек бара жатыр (ВИДЕО)

Тасқын судан зардап шеккен Жанкелдин ауданының ауылдарына гуманитарлық көмек бара жатыр (ВИДЕО)

Жанкелдин ауданының тасқын судан зардап шеккен ауылдарына жан-жақтан көмек келе бастады.

Мәселен, Астанадағы бір топ Торғайдың азаматтары жерлестеріне төсек жаймасы, азық-түлігі бар газелмен шықты. Бір тонна картоп, сегіз мың қапшық, инертті зат тиеген жүк көлігі де орта жолда.

 

“Павлодардан бір жігіттер отыз тонна картоп жіберіп жатыр екен. Соны Аманқарағайға дейін әкеліп береді. Содан келіп алып кетіңіздер орта жолдағы Аманкелдіге де берерсіздер”, – деп екі елге адамгершілік танытып жатыр. Қостанайдағы жігіттер туған жерге деп бір миллион теңге ақша жинады. Астанада жатып бір торғайлық патша көңілді жан Арқалық қаласынан алпыс бөлке нан беріп жіберіп жатыр, ертең тағы жібереді.Нанды таксисты жігіт Жаркөлге тастап кетеді Тентексайдың адамдарына таратуға. Қазіргі таңда Көлқамыстың балаларына киім керек болып тұр. Кешеден бері еріктілерді іске қосып жатырмыз. Облыстық мешіттің тарапынан да гуманитарлық көмек келеді деп естіп жатырмыз”, – деген хабар келді Торғайдан.

А. Жүзбай

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу