Дәл қазір Қаратомар және Желқуар су қоймаларынан су ағызу көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Судың көбеюі мұздың қалыңдығын азайтады, бұл балықшылар үшін қауіпті жағдай туғызуы мүмкін», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Сол себепті департамент өкілдері облыс тұрғындарына осы су қоймаларында балық аулаудан бас тартуға шақырады.