Облыс прокурорлары мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың ақшасын ұрлаған бұрынғы жеке сот орындаушысының қылмысын әшкереледі.
Ол борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша түскен 6 млн теңгеден астам қаржыны өндіріп алушыларға бермей, өзінің жеке шотына аударған.
Облыстық прокуратура осы фактіге сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.