Серіктестік басшысы Рудный қаласындағы апаттың себебін түсіндірді SONY DSC

Серіктестік басшысы Рудный қаласындағы апаттың себебін түсіндірді

Рудныйдың электр желілеріне қызмет көрсетумен айналысатын “ЭПK Atica” ЖШС қосалқы станциясында апат болды, соның салдарынан 6000-ға жуық абонент электр қуатынан ажыратылды. Түн ортасы ауғанда жарық қайта берілді. Бұл Рудныйдағы алғашқы   ең ірі апат емес.

Рудныйлықтардың жарықсыз қалғаны туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Осы жағдайға байланысты 12 наурызда “ЭПK Atica” ЖШС басшылығы баспасөз конференциясын өткізді.

– Кешке “Центральная” қосалқы станциясының ұяшығы ажыратылды. Жедел топ апат болған жерге барып, бір сағат ішінде олар апаттың себебін анықтады. Содан кейін екі бригада құрамы бар жөндеу персоналын шақыру туралы шешім қабылданды. Бәрін ауыстыруға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жарықтың өшуі желінің ең жоғары жүктемелері кезінде кабельдің зақымдануынан орын алған. Жағдайды ушықтырмау  үшін олар электр қуатын кезең-кезеңімен қосуға кірісті. Барлығы төрт сағаттан астам уақытты алды. Мұндай апат өткен жылдың жазынан бері  екінші рет қайталанып отыр, – дейді “ЭПK Atica” ЖШС директоры Өркен Қасқатаев.

Жаңалықтармен бөлісу