Аграрлық корпорация қарызды өтеу мерзімін ұзартуды қарастырып жатыр

Аграрлық корпорация қарызды өтеу мерзімін ұзартуды қарастырып жатыр

Газетіміздің өткен санында қостанайлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылы алған несиелерін бес-жеті жылға ұзарту мәселесін көтергенін айтқан едік. Өйткені, былтырғы ауа райынының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруалар табыс таппақ түгілі, тиісті несиелерін өтей алмады.

Мәселенің оңтайлы шешуге қаржы институттары қарсы емес. Олар фермерлердің жеті млрд теңге жуық несиесін өтеу мерзімін ұзартты. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ә дегенше кезекті көктемгі науқандық жұмыстар дайындық басталды.

Бұл жолы диқандар қанша ақша ала алады, қаржы ұйымдарының шарттары қандай? Облыстық кәсіпкерлер палатасында мәселе жан-жақты талқыланды. Әзірге «Аграрлық несие коропарциясы» АҚ-да ақша бар. Қаржы институты қажет болған жағдайда тағы қосымша қаражат сұрауға уәде етіп отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қостанай филиалы өткен жылдың 15-ші желтоқсанынан бастап шаруалардан өтініш қабылдап жатыр. Бүгінге дейін 175 өтінім келіп түскен. Олардың сұраған жалпы сомасы 8,5 млрд теңгеден асады. 64 өтінім мақұлданып, оларға жалпы жиынтығы 3,8 млрд теңге несие берілді. Тағы 115 жобаға 6,3 млрд теңге төленді. Әзірге қаражат тапшылығы жоқ. Қазір АӨК саласын қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Ұйымның портфелінде фермерлердің былтырдан бергі қарыздары қалды. Айта кетейік, оның ішінде 67 шаруашылықтың 3,7 млрд теңгеден астам несиелері ұзартылды.

«Көктемгі егіс және күзгі жиын-терім науқаны барысында шаруалар айналымдағы қаражатын толықтыру үшін «Кең дала» бағдарламасына жүгіне алады. Онда жылдық үстемақысы 5% -пен 1 миллионнан 10 млрд теңгеге дейін қарыз алуға болады. Несиелеу мерзімі 2025 жылдың 1 наурызына дейін және жылына екі рет сыйақы төлеу қажет. Ақша кредиттік серіктестіктер мен екінші деңгейдегі банктер арқылы беріледі»,

– деді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Қостанай филиалының директоры Олег Рабченюк.

«Фермерлер үшін бағалау тәртібі мен қолданылатын коэффициент қолайсыз. Мемлекет оған өзгеріс енгізуге уәде берген. Бірдеңе жасалды ма?»,

– деп сұрады АӨК мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі Андрей Двуреченский.

Филиал директоры қаржылық қызметтер нарығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ең адал несие саясатын жүргізіп отырғанын түсіндірді. Олар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін кепілге алады. Саясат өзгерген жоқ: жер телімдеріне 0,6% коэффициент қолданылады. Коммерциялық жылжымайтын мүлік үш әдіске жүгінеді. Ал басқа ғимараттар мен құрылыстар нарықтық құны бойынша бағаланады. Мәселен, қалаларда коэффициент – 0,8%, аудан орталығында – 0,7%, ауылдарда – 0,6 % шамасында.

«Несиелерді 5-7 жылға ұзарту жұмысын бастадық. Бүгінде фермерлердің қолында ақша жоқ. Сондықтан, біз өтеу кестесінде бұл ақшаны ұзақ мерзімге бөлуді ұсынып отырмыз. Егер бұл мәселе қазір шешілмесе, онда біз күздікүні қайта ораламыз. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 2023 жылы біз 22%-ті толық төледік. Бұл кәсіпорындарға үлкен жүктеме. Ал өтеу кестесіне сәйкес алдымен несиенің проценті төленеді, содан кейін ғана негізгі қарызды жабасың. Біз қаржыландыру механизмін қайта қарауды ұсынамыз», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының өкілі Светлана Михайленко.

Қаржыгерлер несие беру механизмін қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Бірақ, фермер тек 6% төлеуі үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу керек. Бұл процесс ұзаққа созылады. Қарызды өтеу мерзімін ұзарту мәселесі жақын арада пысықталмақ.

«Біз шаруаларды «Тобыл» ӘКК мен екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландырамыз. Ол үшін әлеуетті өнім беруші соңғы екі жылдағы орташа өнімдікті растауы тиіс. Мәселен, жұмсақ, қатты бидай мен арпаның орташа өнімділігін әр гектарға шаққанда 10 центнерден, күнбағыс пен рапсты 8 центнерден, зығырды 5 центнерден асуы керек. Бидай мен арпа 2024 жылдың 1 қарашасына дейін, күнбағыс пен рапс 15 қарашаға дейін жеткізілуі міндетті. Бидайға алдын ала төлем сомасы қосымша құн салығын 70 мың теңге, арпа 40 мың теңге, күнбағыс 60 мың, зығыр және рапс 90 мың теңге бағаланады», – дейді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Алмат Шаяхметов.

Ол өткен жылғы форвардтық сатып алуға сәйкес 3,1 млрд теңгеден астам несиенің сомаға шамамен 42%-і немесе 52 шаруашылықтың қарызы 1 қазанға дейін ұзартылғанын айтты. Егер шаруашылық өткен жылғы негізгі қарыздың 50%-тен астамын өтесе, онда ол 2024 жылғы форвардқа қатыса алады.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу