Лисаковта қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

Лисаковта қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

Лисаков қаласының кәсіпкерлері  1 наурыз Алғыс айту күнін мерекелеу аясында өз сауда орындарында «Жақсылық сөресін» ұйымдастырды.

Онда тұрмысы төмен, азық-түлікті қажет ететін дүкенге келушілер арнайы сөреден қажеттісін алып жүре береді. Ауқатты жандар сөредегі жазуды көріп, қайта толтыруға тырысады

«Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында осы іс-шараға қатысып жатырмыз. «Қоржын» қайырымдылық көмек көрсету жобасын тұрақты түрде қолға алып, жылда ұйымдастырған дұрыс. Сауда нүктелерінің иелері мұқтаж адамдарға қолдау көрсетіп, жақсы сауап алар еді», – дейді Республикалық акцияны қолдаған “Tomiris”, “Арай”, “Фэмили” супермаркеттері және “Нұр” дүкенінің иелері.

Ұйымдастырушылар оларға әрдайым жақсылыққа ұмтылғаны үшін алғыс айтып, зор табыс тіледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Лисаков қаласы

Жаңалықтармен бөлісу