Уақыттың ауысуына байланысты бақылау кассалары жайлы ескерту жарияланды 

Уақыттың ауысуына байланысты бақылау кассалары жайлы ескерту жарияланды 

Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағат белдеуі қолданылатыны (уақыт белдеуі 1 сағат кейін ауыстырылады) жарияланған еді.

Осыған байланысты облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті аппараттық-бағдарламалық кешендеріне жататын бақылау-кассалық машиналардың уақытын реттеу өндірушілерінің серверінде автоматты түрде жүргізілетінін хабарлайды.

Ал оған жатпайтын яғни “темір” бақылау-кассалық машинкалары бойынша уақытты реттеуді тұтынушыларға өз бетінше пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2024 жылғы 29 ақпаннан кейін жүргізу қажеттілігін ескертеді.

Бейне нұсқаулықтар Мемлекеттік кірістер комитетінің press_kyzmet_kgd, kgd.gov.kz, kgdmfrk, kst.kgd.gov.kz инстаграм qostanai.salyq.kz аккаунттарында орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда бақылау кассалық машиналарының сүйемелдеу шарттарымен Техникалық қызмет көрсету орталықтарынан, Мемлекеттік кірістер басқармаларынан немесе Байланыс-орталықтарынан 1414 телефон нөмірі (3) бойынша тегін кеңес алуға болады.

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу