Мына суретте Қостанай мен Тобыл қаласын жалғайтын корей көпірінің бүгінгі көрінісі. Ол жерден полиция қызметкерлері белгісіз себептермен көлік қозғалысын тежеп жатқанын көруге болады.
Осы бір қолайсыз жағдайға байланысты облыстық ПД баспасөз қызметі журналистердің сұрауына жауап бере отырып, Тобыл қаласында қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанын, ол бойынша арнайы жоспар жарияланғанын хабарлады.
“Қазіргі уақытта полицейлер күдікті адамды ұстау бойынша арнайы шаралар қабылдауда. Оның ішінде көлік құралдарын тоқтату және тексеру жүзеге асырылуда. Тұрғындардан түсіністікпен қарауға және ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз.Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік туралы еске саламыз”, – делінген хабарламада.