Алтынсарин ауданының ветеринариялық дәрігерлеріне айыппұл салынды

Алтынсарин ауданының ветеринариялық дәрігерлеріне айыппұл салынды

Алтынсарин ауданының прокуратурасы ауданның ветеринариялық станциясының қызметін тексеру барысында заң бұзу фактілерін анықтады.

Белгілі болғандай, Красный Кордон ауылы, Новоалексеев, Свердлов, Большечураков, Обаған, Димитров және М . Хакімжанова атындағы ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында шаралар өткізбеген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мекенжайына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Оны қарау нәтижесінде аталған елді мекендердің ветеринариялық дәрігерлеріне жалпы соммасы 369 200 тенгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның араласуынан кейін ветеринариялық дәрігерлер үй малдарының арасында аурудың алдын алу бойынша қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

 

Жаңалықтармен бөлісу