«JASstar.kst» байқауы мәреге жетті

«JASstar.kst» байқауы мәреге жетті

Қостанай қаласының 145 жылдығына арналған бұл байқауға 15 пен 35 аралығындағы үміткерлер қатысты.

“Байқау талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында өтті. Вокал, хореография бойынша өңіріміздегі дарынды жастар бақ сынады. Алдағы уақытта осындай байқаулар жалғасын табатын болады”, – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Екі күнге созылған байқауда 15 хореографиялық ұжым мен 43 вокалист өнер көрсетті.

“Негізінен байқау қалалық деңгейде өткенімен, қатысушылардың біліктілігі халықаралық дәрежеде. Себебі, бәрі де кәсіпқой маман секілді ән шырқап, би биледі. Мен вокал бағыты бойынша әділқазы болдым. Бәрі ұнады. Таңдау қиынға соқты. Бірақ шын мықты әрқашан озып шығады”, – дейді вокал бойынша қазылар алқасының Төрағасы Серік Қадыржанов.

Хореграфиялық бағытта Гран-При иегері “КАРНАВАЛ”, бірінші орын қостанайлық EXPRESS YOURSELF”, екінші орын “LLUМINТE”, үшінші орынды “НОМЕLES” еншіледі. Вокал бағытында рудныйлық Даяна Шагатаева Гран-При атанса, бірінші орын Лисаковтан келген Ермахан Бағдаулет, екінші орын Жітіқаралық Дархан Кушегулов, үшінші орын Мария Кунщикова иеленді.

“Байқауға дайындығым жақсы болды деп ойлаймын. Шыны керек қатты қобалжыдым. Бірінші, екінші, үшінші орындарды айтқанда үмітімді үздім десем болады. Алайда Гран-Пр ді айтқан сәтте естігеніме сенбедім. Өте қуаныштымын”, — жеңімпаз Даяна.

 

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Суреттерді түсіргендер – Бердіболат Көркембаев, Василий Васильев.

Жаңалықтармен бөлісу