«Отбасы банк» АҚ ақпараты бойынша тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі қазір алты жыл. Осыған байланысты, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Отбасы банк» АҚ депозиттерінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен қаражат жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсынып отыр.
Бұдан бөлек, енді ерлі-зайыптыларға «Отбасы банкі» АҚ депозиттерін бір-біріне БЖТ қаражаты арқылы толықтыруға мүмкіндік берілмек.
Бұйрық жобасымен тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы «Отбасы банк» АҚ-мен шарт бұзылған кезде БЖТ-мен толықтырылған сома алушының арнайы шотына қайтарылады, ол 20 жұмыс күні ішінде осы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне жоспарланған түзетулер НҚА ашық деректер порталында талқыланып жатыр.