Күдіктінің сөмкесінде ақ түсті ұнтақ оралған 29 түйіншек табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Сараптама нәтижесінде салмағы 20 грамнан асатын заттың “а-PVP” синтетикалық препараты екені анықталған.
“Есірткі заттарын сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,– деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Облыстық ПД жыл басынан бері 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін айтып отыр.