Таланттарды қолдайтын ҚР Президенті жанындағы «Дара» қорының бастамасымен ұйымдастырылған «MobFest» фестивалі республика деңгейінде алғаш рет өткен еді. Байқауда бақ сынағандар арасынан 20 видео жұмыс авторлары ең мықты деп танылып, Нью-Йорк кино өнері академиясынан (NYFA) тағылымдамадан өтуге жолдама алды.
Осылайша қазақстандық 20 жас мобилограф АҚШ-тағы беделді академияда он күн оқыды. Солардың қатарында болған өңіріміздің талантты актеры Жұматай Ахметхан жақында елге оралды.
Жұматай Жұмабекұлы – театр және кино актеры, облыстық филармония әртісі, Республикалық “МобФест” мобилография фестивалінің жеңімпазы, АҚШ-тағы “Нью Йорк фильм академиясының” түлегі.
Ертең сағат 15.00-де Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейіінде қазақстандық жастар күніне арналған Жұматай Ахметханмен кездесу кеші өтеді. Музейде алғашқылардың бірі болып, алған білімімен, тәжірибесімен бөлісетін болады. Іс-шара аясында жастармен видео саласындағы мобилография бағыты бойынша айтатын болады.
Ы. Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің мекенжайы: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118А.