Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу қолға алынбақшы. Бұл шара ата-ананың жазбаша келісімімен жаңа оқу жылының басында қолға алынғалы тұр. Демек, 2024 жылдың күзінде, Қазақстан Республикасының мектептерінде толығымен тегін алуға болады.
Жаппай екпе алатын тұрғындардың негізгі бөлігі 9-13 жас аралығындағы жасөспірім қыздар. ДДСҰ вакцинаны 26 жасқа дейін алуды ұсынса, АҚШ-та вакцинаны 45 жасқа дейін алуды ұсынады.
Зерттеулер көрсеткендей, вакцинаның қорғау мерзімі ұзаққа созылады. Жүргізілген екпенің иммуногенділігі вакцина енгізілгеннен кейін 10 жыл ішінде төмендемеген. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.