Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша 2023 жылдың сәуір айынан бастап өңірде қызылшаның 397 жағдайы тіркелген. Осы айда диагноз 178 адамда расталды.
Науқастардың негізгі саны Қостанай қаласында тіркелген – 239 жағдай. Айта кету керек, науқастардың негізгі контингенті – 14 жасқа дейінгі балалар, көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.
Облыста сырқаттанушылық негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі, олар қазір 74,0% құрап отыр (256).
Қостанай облысында барлығы ДМИ шеңберінде 44 500 адам вакцинациялануға жатады, 42 195 адам егілді, бұл вакцинациялануға жататын адамдардың 94,8% құрайды.