17 мая, 2025
Жаңа Үкімет басшысы тағайындалды

Жаңа Үкімет басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Жарлықта.