«Қостанай таңы» газеті Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Армысың, әз-Наурыз!» атты бейнебайқау жариялайды. Үздік бейнежазба иелеріне сыйлықтарымыз бар.
Байқау шарттары:
— Бейнебайқауға облыс көлеміндегі мекеме-ұйымдар қатыса алады;
— Байқауға ұжымдық бейнеқұттықтаулар қабылданады. Ұлт мейрамының лебін сездіретін көрініс, қойылым түріндегі видеолар түсірілсе, нұр үстіне нұр;
— Бейнежазбаның сапасына мән беріледі. Оны арнайы комиссия сыннан өткізеді;
— Талапқа сай келмейтін бейнематериалдар қабылданбайды;
— Жүлдегерлер үш орын (І, ІІ, ІІІ) бойынша анықталады;
— Әр қатысушы ұжым өздері туралы деректер жіберуі тиіс (мекеме-ұйым, кәсіпорын атауы, мекенжайы, байланыс нөмірлері).
Байқауға өтінім 10-20 наурыз аралығында қабылданады. Материалдарыңызды 8 771 213 72 02 нөмірі арқылы Whats App мессенджеріне жолдай аласыздар! Қатысыңыздар, жүлдегер атаныңыздар!
Айта кетейік, байқау демеушілері – «Шаңырақ» ұлттық киімдер мен кәдесыйлар бутигі, қолөнер шебері Әсел Сатмурзина және «Qazannan» бренді.