Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері халықты жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы ақпарат таратуды бастап кетті. Олар тұрғындардың кәсіпкерлер төлем карточкаларынан бас тартқан жағдайда қайда жүгінуі керек екенін түсіндіріп жатыр.
Соның бір көрінісі “Қостанай Plaza” сауда-ойын-сауық орталығында викторина түрінде жүзеге асырылды. Сауда орнына келген жұртқа қаржылық сауаттылықты арттыру, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы құқықтық ақпаратт таратты, ондағы викториналық сауалдарға тұрғандар өз жауаптарын берді.
Викторина жеңімпаздары мен іс-шара қонақтарына естелік сыйлықтар табыс етілді. Солардың бірі – Айсұлу есімді қала тұрғыны.
“Бүгін салық туралы көп нәрсе білдік. Біздің мемлекетіміздің өркендеуі үшін сол салықты бәрі төлеуі керек. Мен қатысқаныма және жүлдені жеңіп алғаныма өте қуаныштымын”, –дейді Айсұлу.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА