23 мая, 2025
Өрт сөндірушілер жиырма бес адамды аман алып қалды

Өрт сөндірушілер жиырма бес адамды аман алып қалды

Қостанай қаласына іргелес Дружба кентіндегі Молодежная 21 үй мекенжайында орналасқан екі қабатты көппәтерлі шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйден өрт шықты деп хабарлайды облыс төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өрт сол үйдег №2 пәтерден басталған.

ТЖД өкілдері ол маңнан 25 адамды эвакуациялады, оның төртеуі бала. Өрт сағат 19-43-те ауыздықталып, пәтер иесі, 1944 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер көміртегі тотығымен улануды деп диагнозын анықтап отыр.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Қауіпті жоюға он үш адам мен бес техника жұмылдырылды.