Сырқаттанушылардың бәрі дерлік жасқа толмаған сәбилер. Мамандар осы дерттен қауіп зор екенін айтады.
«Қалада қызылша ауруының белең алу қаупі бар. Сырқаттар ауруды қалаға сырттан келген немесе сыртқа шыққан тасымалдаушылар арқылы жұқтырған. Баршаға белгілі қызылшаның емі әлі дүниежүзінде табылған жоқ. Одан сақтанудың бірден бір жолы екпе алу», – дейді өңірлік аурухананың бас дәрігері Самат Меңдібайұлы.
Қатерлі дерттің алдын алу үшін қала бойынша 2767 баланың екпе алуы жоспарланған. Қазіргі таңда 1324 жеткіншек екпе алды, бұл 47,8%-ды құрайды.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ Арқалық қаласы