Күн сайын мың жарым адам қоңырау шалады: Ikomek қызметіне бес жыл

Күн сайын мың жарым адам қоңырау шалады: Ikomek қызметіне бес жыл

Осы ахуалдық орталықтың жұмысының арқасында 145 ұйым қала тұрғындарымен тікелей байланыста. Операторлар қоңырауларға тәуліктің кез келген уақытында екі тілде жауап береді.Ikomek ахуалдық орталығына биыл бес жыл. Осы уақыт ішінде мамандар қала тұрғындарынан 398 000 мыңға жуық өтініш қабылдады. Олардың 71,3% -ы бірінші қоңыраудан-ақ шешілді.

Жалпы, өткен жылы өтініштер саны 85597 құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Қостанайлықтар көбіне электрмен жабдықтау және көше жарығының жоқтығына шағымданады. Сондай-ақ, жол инфрақұрылымына қатысты және қала тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына наразылықтар да аз емес.

“Өтініштердің жиілігі маусымға және ауа-райына байланысты. Егер ауарайы жаңбырлы болса, көшелерді су басу мәселелері бойынша көптеген өтініштер келіп түседі. Ал, көшеде қар жауып тұрса, онда біз қар тазалау бойынша өтініштер ағынын күтеміз”, – дейді ахуал орталығының басшысы Азел Айсабаева.

Әрбір оператор қабылдаған қоңыраулар саны, желідегі әңгімелер ұзақтығы, сондай-ақ орындалған өтініштердің саны есепке алынады. Күн сайын өтініш берушілермен сөйлесулердің аудиожазбасын тыңдау жүргізіледі. Операторларға бекітілген сценарийлер мен әңгімелесу ережелерін қатаң сақтау талап етіледі. Осылайша, халықтың мүдделі мәселелер бойынша өтініштері келіп түсуіне қарай шешіледі. Аудандар бойынша тұрақты мониторинг, бақылау және талдау осы жобаның тиімділігін көрсетті.

Диана БАТЫРБЕК

 

Жаңалықтармен бөлісу