Қостанайдың “ЦУМ” сауда үйінде жұмыс істеп жүрген 34 жастағы тұрғын көрші бутикке кіріп бара жатып, телефонын сөреде қалдырып кеткен. Біраз уақыттан кейін ол смартфон орнында болмаған.
Жедел шағымнан оқиға орнына келген полицейлер бейнебақылау камералары арқылы смартфонды бөтен адамның иемденіп алғанын анықтайды. Криминалдық полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ол 20 жастағы студент болып шықты. Жоғалған заттың құны 840 мың теңге көлемінде.
“Жазбаны мұқият қарап шыққаннан кейін біз қаланың оқу орындарынан ұрыны іздей бастадық. Себебі күдіктінің сыртқы түр келбеті бейнекамерада студентке ұқсады. Біз бірнеше оқу орындарын аралап, білім ордаларының басшылығына бейнені көрсеттік. Жоғары оқу орындарының бірінің әкімшілігі өз студенттерін таныды”, – деді Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.
Полиция телефонды иесіне қайтарып берді. Ол өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.