«Жомарт жандар» Арқалықта

«Жомарт жандар» Арқалықта

Елімізде мұқтаж жандарға баспана сыйлап, сауапты істер атқарып жүрген «ELORDA» қайырымдылық қоры өзінің 4 жылдығын атап өтті.

Аталған қор биылдың өзінде Арқалық қаласында көпбалалы 2 отбасыға баспана сатып әперіп, әлеуметтің осал топтарының қуанышын еселеген болатын. Әрине, қордың тек бастамашы, ал қолдаушысы жомарт жандар екендігі баршаға аян.

Осы ретте, «ELORDA» қайырымдылық қоры атаулы күндеріне орай, ізгілікті іске белсенді атсалысып, тұрақты түрде қорға қаржылай қолдау білдіріп келе жатқан азаматтардың қатарында жерлесіміз Жасын Омаровты «Жомарт жан» аталымы бойынша салтанатты түрде марапаттады.

Жасын Қанатұлы Арқалық қаласы әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарады. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен мемлекеттік қызметкер, қайырымдылық ісімен де өзгелерге үлгі болып отыр.

  «Адам баласы ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге ұмтылады. Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді. Қоғамда да күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі «Кең болсаң кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отырады. Мұңайғанға қуаныш, сүрінгенге демеу, қорғансызға пана бола білгеніміз абзал», – дейді жомарт жан Жасын Омаров.

 

                                      Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ                                          Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу