Жауапты мекеме басшылары жуырда болған оқыс оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Жауапты мекеме басшылары жуырда болған оқыс оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Өткен аптада  өңірімізде бірнеше төтенше оқиғалар болғанын білеміз. Үш бірдей газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, үш адам қаза тапты. Қала төңірегінде түрлі өрт жағдайлары тіркелді. Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департемантінің бастығы  Қайрат Қасым бастаған  қатысты мекеме басшылары  өңірлік коммуникация алаңында БАҚ өкілдеріне түсініктеме берді.

«Соңғы он күнде облысымызда үш газ-ауа қоспасының жарылысы болды.  Салдарынан үш адам  қайтыс болып, 14 – і жарақат алды. Оқиғалар зерттелді. Бұл жағдайды енді болдырмау үшін не істеу керектігі әлі де  талқыланып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті болған апаттың алдын алып, дер кезінде ауыздықтауға ұмтылады.  Алғашқы оқиғада қала сыртындағы елді мекенде орналасқан автопарктің қауіптілігі бұрын-соңды ескерілмеген. Нысан  тіпті бақылауға да   алынбаған. Салқын аязда тұрған газ баллондарды жылы орынға орынсыз тасымалдап келген. Осының салдарынан апат болды.  Бұл жерде автомобильдерге арналған газ баллондарға қолданылатын мөлшер  шектеуі назарға алынбай тұр. Мәселен газбен жүретін автомобильдерде қажетті газ мөлшерін анықтап отыратын қорғаныш құрылғылар орнатылады. Соны кедергі келтіреді деп алып тапстайтындар да болады. Оларға бұл тиімді. Содан даладан орағытып келіп, жылы бокстарға кіретін сәттері болады…  Жоғары қабаттарға баллондарды сақтайтындар да кездеседі. Шаруашылық, сауда орындарында газ баллондарын ережелерге қайшы қолданып жүргендер қаншама…», –

деп атап өткен Қайрат Қасым Бородина көшесінде болған оқыс оқиғаың себеп-салдарын баяндады.

Онда естеріңізге сала кетсек, тандыр пісірумен айналысатын апалы-інілі Өзбекстан азаматтары осы газ баллондарын қолдануда қателікке жол берді,  салдары екі бірдей газ-ауа қоспасы жарылысына әкелген еді. Оқиға болған жердің температурасы шамамен қырық градус еді. Ол күні далада отыз градус аяз болғанын білесіздер. Тандыр қақталып жатқан ғимараттың жанындағы  салқын сарайда алты газ баллоны сақтаулы тұрған. Отын таусылуға жақындағанда кәсіпкерлер әлгілердің екеуін буы шыққан бөлмеге бірден әкеліп қояды. Мекеме басшысы газ баллон қолданушылардың қаперіне осы бір ережені сақтап жүруді ескертеді (даладан әкелінген баллонды жоғары температуға бірден әкелу болмайды, орташа темпетарурада сақтай тұрған абзал).

Өндірістік қауіпсіздік департаментінің бөлім басшысы Серік Өмірзақов жанармай, газ құю стансаларындағы түрлі апаттардың алдын алу ережелерін түсіндірді.

«Газ құю стансаларында ережеге сәйкес келмейтін жағдайларға жол берілмеу керек. Осындай оқиғаға куә болған тұста әр азамат болған жайды бүге-шүгесімен көрсетіп беруге міндетті. Бұл нормалардың сақталуы жан-жақты қауіпсіздік үшін жасалып жатқан жағдайдар. Мәселен, тұтынушылар қолданатын баллондарды стансаларда толтыруға заңмен қатаң тыйым салынған. Белгіленген айыппұл мөлшері жеті айлық есептік көрсеткішке тең. Жауапты нысанда қызмет көрсететін қызметкер резарвуарлардың жағдайын үнемі бақылауға алып отырулары қажет. Біріншіден астауы шүмпілдеп тұрмауы шарт. Сексен пайыздық шамада толтырылып отыруы нормада көрсетілген. Ауыстырар сәтте үнемі сарқып тұру қажет, алдында қолданған заттың (бензин, солярка, газ болсын) жаңасымен алмастырғанда болмағаны қауіпсіз», – деді спикер.

«Промбаза-7» ЖШС директорының міндетін атқарушы Мұрат Есқатов ондай нысандарға арнайы оқу курсынан адамдарды қызметке алу керектігін баса айтты.

«Әр істің басы-қасында өзінің маманы жүруі қажет. Сонда ғана шаруа алға басады. Осындай оқыс жағдайларға жол беріле бермесі анық…», – дейді ол.

Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу