21 июня, 2025
Мәскеу ауылына ауыз су беріледі

Мәскеу ауылына ауыз су беріледі

Бүгінде Қостанай ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша төрт жоба қолға алынып жатыр.

Бұл туралы аудан әкімі Берік Таңжарықов аудан халқымен кездесу барысындағы жауабында айтып берді.

«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы ауданымыздың төрт ауылында қолға алынып жатыр. Мәскеу ауылында бұл жоба таяу күндері аяқталуға жақын. Половиников, Айсары ауылдарында келер жылы тапсырылады. Мердігерлер ауа райының қолайсыздығын алға тартып, биыл жұмыстың бес пайызын аяқсыз қалдырды. Октябр ауылындағы жағдай да осы күйінде. Келер жылы пайдалануға беріледі», – деді аудан әкімі Берік Таңжарықов.

Әсел ҚИБАШ