Тәуелсіздік адамзат үшін таптырмас түсінік. Әлемде егемендікке қолы жетпей жүрген қаншама халық бар. Қазақ деген ұғым қалыптасқаннан 1986 жылға дейінгі аралықты сараптап қарайтын болсақ, еліміздің біртұтастығы, азаттығы жолында шаһит болған жандар өте көп. Бұл біздің тәуелсіздігіміз оңайлықпен келмегендігін білдіреді. Сондықтан халық саны аз ел ретінде бүгінде егемендікке қол жеткізуіміз аса байлық. Сол үшін Қазақстанның азаматы ретінде тәуелсіздік күні дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Отандастарыма еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын деп тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз көк аспанда мәңгілік желбірей берсін!
Руслан Батырханұлы,
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің докторанты.