Жаңа жылдан бастап, қазақстандықтар жаңа арнаулы жәрдемақы алады

Жаңа жылдан бастап, қазақстандықтар жаңа арнаулы жәрдемақы алады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі “Арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау” аталатын жаңа тармақпен толықтырылды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге өнеркәсіп пен салаларды дамытуға қосқан қомақты үлесін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу жоспарлануда. Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі ескеріледі.

Осыған байланысты “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасы аясында тәсілдер әзірленді.

Заң жобасында төрт төлем көзінен тұратын МКҚК қарастырылған, оның бірі – республикалық бюджеттен төленетін арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы.

Жаңалықтармен бөлісу