Қостанайлық оқушылар көшбасшылықтың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды

Қостанайлық оқушылар көшбасшылықтың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды

Еліміздегі 10-сынып оқушыларына арналған тегін көшбасшылық бағдарламасына іріктеу кезеңінен өткен балалар әлеуметтік жоба жасаудың қыр-сырын үйреніп қана қоймай, көшбасшылық дағдыларды меңгереді. Бұл жоба «Beginit by inDrive» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Ал, соңғы кезеңге өтіп, жеңіске жеткен қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар табысталып, сондай-ақ «inVision U» жаңа инновациялық университетінің толық грантына ие болады.

Бағдарлама аясында «Astana Hub» халықаралық технопаркі және өңірлік «Qostanai IT Hub» бірге серіктестікте жүзеге асырылып жатыр.  Оқушылар Алматының тау бөктерінде орналасқан лагерьде білім алуға барады. Тренингке ынта білдірген жасөспірімдер Қазақстанның алты өңірінен қатысады. Олар шығармашылық индустрия мен бизнес көшбасшыларынан құнды әрі маңызды сабақтар алады. Алматыдағы«inVision U» инновациялық университетінің ашылуы туралы «inDrive» бас директоры Арсен Томский хабарлады. Бұл ақпарат алғашқылардың бірі болып «Digital Bridge» халықаралық форумының пленарлық отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылды.

«Qostanai IT Hub» «InDrive»-пен бірлесіп, жастарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қостанай облысының мектеп оқушыларына біздің аймақтағы ғана емес, мүмкін әлемдік деңгейдегі әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға және оны жоба ретінде ұсына алатын болашақ әлеуметтік көшбасшы ретінде әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі. Біздің міндетіміз – жас таланттарды олардың кәсіби және кәсіпкерлігін жан-жақты дамыта алатындай қолдау, шабыттандыру, бағыт-бағдар беру», – деді Қостанай облысындағы Astana Hub өңірлік менеджері Дамир Мыңайдаров.

Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен құралған. Оларға өңірлік іріктеу, білім беру модулі, жастар лагері және жоба модулі жатады. Бұл туралы Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Beginit by InDrive» жобасының жетекшісі  Ерсайын Қабдрашев айтып берді.

«Біз Қазақстанның үшінші қаласында бағдарламамызды таныстырып отырмыз. Осыған дейін Тараз және Орал қалаларында болдық. Балалардың өз туған өлкесі үшін пайдалы нәрсе жасауға деген ықыласы мен тілегін байқадық. Қостанай – ержүрек, өршіл адамдардың қаласы, көп жыл бұрын Ыбырай Алтынсарин бүкіл ел үшін айтулы тұлғаға айналды және әлі күнге дейін еңбектерімен және көшбасшылығымен бізге үлгі. Біз мыңдаған адамның өмірін өзгертетін жобаларды жасайтын әлеуметтік көшбасшы болғысы келетін және бола алатын жандарды іздейміз және мұндай жандар бұл қалада көп екеніне сенімдімін», – деп атап өтті  Ерсайын Қабдрашев.

Осы айда, іріктеу кезеңдері Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында өтті.

«Astana Hub» – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, осы саладағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамыту үшін қызмет етеді. Бүгінгі таңда қатысушыларының саны 1317ке жеткен. Оның ішінде 365-інің шетелдіктердің үлесі бар.

«inDrive» – көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. Мекенжайы АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан. Бұл – әлемдегі 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша. Бұдан бөлек, InDrive әлемнің 40-тан астам еліне қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтерін  ұсынып келеді.

 

 

Диана БАТЫРБЕК

Жаңалықтармен бөлісу