“Қойылымнан рухани ләззат алдық”

“Қойылымнан рухани ләззат алдық”

Жанкелдин ауданында өткен сүбелі іс-шаралар легімен “Қазыналы Қайнекейге “Шапағат” атты қойылым мен “Дүниені дүрілдеткен бір ақын” атты Ғафу Қайырбеков оқулары ұйымдастырылды.

 “Торғай тойының ерекшелігі – рухани дүниелерге баса мән берілгендігінде. Көп іс-шаралардың бірі ақын, ғалым, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағамбетовке арналған “Қазыналы Қайнекейге” Шапағат” қойылым болды десем, қателеспес едім. Тарихи тұлғаның азаматтық келбетін ашуда режиссердің жақсы еңбектенгені көрініп тұр. Өзіміздің іні-қарындастарымыз, өскелең буын, болашақ актерлер қалай тамаша өнер көрсетті! Шынымен де разы болдым. Туған жеріміз Торғайда өнерге бой алдырған ұрпақтың өсіп-өніп келе жатқаны қуантты. Рухани ләззат алып, қойылымнан тәнті көңілмен тарқастық, – дейді ақын, Астана қаласының тұрғыны Мұхарбек Жәкей.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Жандос ЖҮСІПБЕК

Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы 

Жаңалықтармен бөлісу