Жанкелдин ауданында өткен сүбелі іс-шаралар легімен «Қазыналы Қайнекейге «Шапағат» атты қойылым мен «Дүниені дүрілдеткен бір ақын» атты Ғафу Қайырбеков оқулары ұйымдастырылды.
«Торғай тойының ерекшелігі – рухани дүниелерге баса мән берілгендігінде. Көп іс-шаралардың бірі ақын, ғалым, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағамбетовке арналған «Қазыналы Қайнекейге» Шапағат» қойылым болды десем, қателеспес едім. Тарихи тұлғаның азаматтық келбетін ашуда режиссердің жақсы еңбектенгені көрініп тұр. Өзіміздің іні-қарындастарымыз, өскелең буын, болашақ актерлер қалай тамаша өнер көрсетті! Шынымен де разы болдым. Туған жеріміз Торғайда өнерге бой алдырған ұрпақтың өсіп-өніп келе жатқаны қуантты. Рухани ләззат алып, қойылымнан тәнті көңілмен тарқастық, – дейді ақын, Астана қаласының тұрғыны Мұхарбек Жәкей.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы