Қостанайдағы жаңадан салынған смарт-орталықта меймандос екі мемлекет делегациясының қатысуымен алқалы жиын басталды. Форум барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бейне байланысқа шықты.
“Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі”. Дәл осы тақырып бүгінгі Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумына өзек болмақ.
Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысында қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар, жастар және ауылшаруашылығы, білім берудегі жаңа үрдістер тәрізді бірқатар мәселе сөз болады.