Жыл сайын мас күйінде көлік айдаған 1,5 мыңнан астам адам тіркеледі. Басқару құқығынан айырылса да көліктерін жүргізуді жалғастырып, қайтадан заң бұзып жатқандары бар. Ол туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді.
Көрсетілген фактілер «Автоураган», «Ekin Patrol» және т.б. жүйелердің деректерімен расталып отыр. Тиісті органда жол камераларының линзаларына үнемі хаттап отыратын 400-ге жуық адам қызмет атқарады.
Мысалы, сот «Д» деген азаматты ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартты және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырды. Алайда, өткен кезеңде автоматтандырылған жүйе арқылы оған тиесілі автомобиль Қостанайда бір жылда 186 рет тіркелді. Осы камералар арқылы жылдамдықты асырғаны үшін бірнеше рет айыппұл арқалаған көлік жүргізуге құқығы жоқ адамдар анықталды. Осылайша, айыппұлдарды төлей отырып, көліктерін басқаруды заңсыз жалғастырғандары белгілі болды.
Осы заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы Полиция департаментіне қадағалау актісін енгізді, оны орындау шеңберінде Жол полициясы органдары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
«Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдарды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін прокуратураның бастамасы бойынша полицияның барлық базаларына осындай бұзушылардың тізімдері жүктелді. Енді «Автоураган» камералары мен «Ekin Patrol» жылжымалы кешендерінің көмегімен күдікті көлік туралы мәліметтер мобильді планшеттер арқылы иесін анықтап, оның әкімшілік жауапкершілігі туралы мәселесін қарау үшін жақын маңдағы патрульдерге дереу жіберіледі», – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.