Сайлау аяқталды, учаскелер жабылды

Сайлау аяқталды, учаскелер жабылды

Алтынсарин ауданындағы сайлау учаскелері жабылды. Яғни, Астана уақытымен 20:00-де дауыс беру тоқтатылды.Айта кетейік, бұл ауданда жалпы 27 сайлау учаскесі бар, 8566 адам дауыс беруге тіркелген.
Аудан орталығы Обаған ауылында орналасқан №204 сайлау учаскесінде 370 адам бар. Комиссия мүшелері жәшіктерді ашып, бюллетеньдерді санауға кірісті.

– 261 адам дауыс берді. Сайлаушылардың көбі – жастар. Яғни, жас буынның саяси белсенділігі артты деуге болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалды. 12 адам өз үйінен дауыс берді. Бюллетеньдерді санап болған соң хаттама әзірленіп, аумақтық сайлау учаскесіне жібереміз, – дейді учаске төрағасы Оразбек Әбенов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Б.Мейрамұлы
Алтынсарин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу