Қарабалық ауданындағы №453 сайлау учаскесінде саяси науқан қызу жүруде.
Учаскеге тіркелген сайлаушылар саны – 1649.
Таңнан бері күндізгі 15.00-ге дейін сайлаушылардың 75 пайызы дауыс беріп үлгерген. Олардың қатарында “Вайнах” шешен-ингуш диаспорасының белсенді мүшесі Солцбек Сулейманов та бар.
“Биыл тұңғыш рет әкімімізді өзіміз сайлап жатырмыз. Бұл да бір жаңаруға жасалған қадам деп түсіну керек. Ауданымыз жыл сайын гүлденіп келеді. Ол саясатымыздың жемісі. Мемлекетіміздің игі істері мен ілгерілеуге жасаған ықпалын қолдауымыз керек”, – дейді ол.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Қарабалық ауданы
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев